«Тәуелсіздік – тұғырым» атты мазмұнды да мағыналы іс-шара өтті
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мазмұнды да мағыналы іс-шара өтті.
Бұл шараны Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының ГБП-413 тобының тәлімгері Сұлтанбек Мәлік ұйымдастырып, студенттерге ел тарихының тағылымын терең сезіндіре білді.
Іс-шара барысында Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Рысбекова Айман құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің маңызын, еліміздің жүріп өткен тарихи жолын атап өтті. Сонымен қатар кафедраның құрметті оқытушылары да өз лебіздерін білдіріп, жастарға рухани мұра мен елдік құндылықтарды бағалаудың маңызын жеткізді.
Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше рух, патриоттық сезім сыйлады. ????????✨
Тәуелсіздік – елдігіміздің мәңгілік тұғыры!
Емтихан кестесі 