Семинар
02.02.2026 ж Шымкент қалалық жұқпалы аурулар Нипах вирусының берілу жолдары атты тақырыпта семинар өткізілді.Кафедра меңгерушісі м.ғ.д, профессор м.а Утепбергенова Г.А клиникалық көріністері, эпидемияға қарсы шаралар,лабороториялық диагностика туралы презентациясын ұсынды. ЖМ-05-24тобы және интерндер, резидент-инфекционнистер РИАҚ-01-24,РИАО-02-24 топтары қатысты.
Нипах вирусы (Nipah virus) — адам мен жануарларда ауыр, жиі өлімге әкелетін жұқпалы ауру тудыратын вирус. Ол зоонозды инфекцияларға жатады, яғни жануарлардан адамға жұғады. Бұл вирус алғаш рет 1998–1999 жылдары Малайзияда тіркелген. Сол кезде шошқа фермаларында жұмыс істеген адамдар арасында белгісіз энцефалитпен ауырған науқастар көбейіп, кейін қоздырғыш ретінде Нипах вирусы анықталған. Вирус атауы Малайзиядағы Сунгай Нипах аумағының атымен аталған.Нипах вирусын анықтау тек арнайы биологиялық қауіпсіздігі жоғары зертханаларда жүргізіледі. Қарапайым ауруханаларда бұл зерттеулер жасалмайды, себебі вируспен жұмыс істеу аса қатаң қауіпсіздік шараларын талап етеді.
Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасың меңгерушісі, м.ғ.д . Г.А.Утепбергенова
Педиатрия кафедрасы білімгерлерінің XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференциясына ұсынатын ғылыми жұмыстар тақырыптары 