Хабарландырулар

shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

Акушерлік - гинекология кафедрасы 2009 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы  оқу-клиникалық базасында құрылды. Кафедраның тұңғыш меңгерушісі болып доцент А.Ж.Даниярова, 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін доцент Бегімбекова Ләззат Мықтыбековна басқарып келеді. 
Акушерия - гинекология кафедрасында оқытудың келесі медициналық бағдарламаларымен қамтамасыз етеді: 6В10155 Жалпы медицина интернатура мамандығы, 6В10155-Жалпы медицина (Акушерия және гинекология) интернатура мамандығы, 7R01102-Акушерия және гинекология ересектердің,балалардың резидентура білім беру бағдарламасы. Тәжірибелік сабақтар интерактивті оқу әдістері бойынша жүргізіледі: теориялық мәліметтерді оқытушымен талқылау, науқастарды клиникалық талдау, топтық дискуссия, эвристикалық әңгімелесу, тренингтер, проблемалық бағдарламаларымен оқыту элементтері қолданылады.