
КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ · ЗЕРТХАНАЛАР
«Микропроцессорлық жүйелер» зертханасы
Компьютер архитектурасы және микропроцессорлық технологиялар зертханасы
ОРНАЛАСУЫ
№303
аудитория
АУДАНЫ
49,1 м²
зертхана аумағы
ОРЫН САНЫ
18
орын
Зертхана туралы
«Микропроцессорлық жүйелер» зертханасы процессорлық құрылғылардың құрылымы, командаларды орындау логикасы, жады және енгізу-шығару жүйелері бойынша білімді тәжірибемен байланыстыруға арналған. Зертхана компьютер архитектурасын модельдеу, микропроцессорлардың жұмысын талдау және төмен деңгейлі бағдарламалау принциптерін оқытуға бағдарланған.
Мақсаты
Микропроцессорлардың архитектурасын, есептеу жүйелерінің өзара байланысын және бағдарламалық-аппараттық деңгейдегі жұмыс қағидаларын терең меңгерту.
Негізгі міндеттері
01. Процессор архитектурасы, регистрлер, командалар жүйесі және жады иерархиясының жұмысын талдау.
02. Микропроцессорлық операциялар мен алгоритмдерді бағдарламалық ортада модельдеу.
03. Енгізу-шығару механизмдерін және аппараттық-бағдарламалық өзара әрекеттесуді зерттеу.
04. Есептеу жүйелерінің өнімділігі мен сенімділігін талдауға арналған оқу жобаларын орындау.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
10
HP ProDesk компьютерлік жұмыс орны
Негізінен 8 ГБ жедел жады
MAXON RT-75AN13 мультитач панелі
Маркерлік тақта
Кондиционер
NEXTGEN FEST - IT Апталығының ХАКАТОН кейстары
NEXTGEN FEST - IT Апталығы
«Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылы: ғылым, жасампаздық және болашақ» атты XXXV студенттік ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Нақты уақыттағы адам жаттығуларын тану және бағалау үшін позаға негізделген уақыттық модельдеу
СПАРТАКИАДА — 2026
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау 