shape
shape

«3D Graph Modeling Lab» зертханасы

КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ · ЗЕРТХАНАЛАР

«3D Graph Modeling Lab» зертханасы

Үшөлшемді компьютерлік графика және визуалды модельдеу зертханасы.

ОРНАЛАСУЫ

№202

аудитория

АУДАНЫ

48,2 м²

зертхана аумағы

ОРЫН САНЫ

16

орын

Зертхана туралы

«3D Graph Modeling Lab» зертханасы компьютерлік графика, үшөлшемді нысандарды құрастыру және цифрлық визуализация негіздерін меңгертуге арналған. Зертхана білім алушылардың геометриялық модельдеу, текстуралау, көріністерді құрастыру, анимациялық элементтерді дайындау және графикалық жобаларды ұсыну дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мақсаты

Үшөлшемді компьютерлік графика мен цифрлық визуализация саласында теориялық білімді практикалық модельдеу дағдыларымен ұштастыру.

Негізгі міндеттері

01. 3D нысандардың геометриялық құрылымын жобалау және өңдеу тәсілдерін үйрету.

02. Материалдар, жарықтандыру, текстура және рендерлеу қағидаларын практикалық тапсырмалар арқылы меңгерту.

03. Анимация мен интерактивті графикаға қажет цифрлық модельдерді дайындау.

04. Студенттердің графикалық жобалары мен визуализация бойынша шығармашылық жұмыстарын дамыту.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

12

Lenovo ThinkCentre Neo 50a

Моноблоктар · 16 ГБ жедел жады, 475 ГБ сақтау орны

Проектор

Тақта

Стенд

ЗЕРТХАНА ЛАБОРАНТЫ

Дүйсенбаева К.А.

Зертхана паспорты