shape
shape

«TIKA» компьютерлік сыныбы

КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ · ЗЕРТХАНАЛАР

«TIKA» компьютерлік сыныбы

Бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша оқу аудиториясы.

ОРНАЛАСУЫ

№114

аудитория

АУДАНЫ

102,5 м²

сынып аумағы

ОРЫН САНЫ

40

компьютерлік жұмыс орны

Компьютерлік сынып туралы

«TIKA» компьютерлік сыныбы ақпараттық технологиялар саласындағы оқу сабақтарын, бағдарламалау практикумдарын және цифрлық құзыреттерді дамытуға арналған көпорынды компьютерлік аудитория. Сынып бір мезгілде 40 білім алушының жеке компьютерде тапсырма орындауына, бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеуіне және жобалық нәтижелерді талқылауына мүмкіндік береді.

Мақсаты

Білім алушыларға бағдарламалау, ақпараттық жүйелер және цифрлық технологиялар бойынша заманауи практикалық білім алуға қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттері

01. Бағдарламалау тілдері, алгоритмдер және деректер құрылымдары бойынша практикалық сабақтар өткізу.

02. Ақпараттық жүйелерді жобалау, деректер базаларымен жұмыс және қолданбалы бағдарламалар әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.

03. Білім алушылардың цифрлық сауаттылығын және командалық жобалау құзыреттерін дамыту.

04. Оқу жобаларын таныстыру, практикалық бағалау және компьютерлік тренингтер ұйымдастыру.

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

40

HP E24 G5 QHD

Компьютерлік жұмыс орындары · 16 ГБ жедел жады, 1 ТБ сақтау орны

Проектор

Маркерлік тақта

Кондиционер

ЗЕРТХАНА ЛАБОРАНТЫ

Дүйсенбаева К.А.

Зертхана паспорты