
КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ КАФЕДРАСЫ · ЗЕРТХАНАЛАР
Ақылды сенсорлық жүйелер және робототехника зертханасы
Сенсорлық технологиялар, микроконтроллерлер және робототехника бағытындағы оқу-тәжірибелік зертхана.
ОРНАЛАСУЫ
№101
аудитория
АУДАНЫ
90,8 м²
зертхана аумағы
ОРЫН САНЫ
24
орын
Зертхана туралы
Зертхана интеллектуалды сенсорлық құрылғыларды, микроконтроллерлік шешімдерді және робототехникалық жүйелерді жобалау мен бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу-тәжірибелік орта болып табылады. Мұнда білім алушылар датчиктерден деректерді жинау, құрылғылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру және автоматтандырылған жүйелердің жұмыс логикасын модельдеу бағытында жобалар орындай алады.
Зертхананың мақсаты
Білім алушылардың сенсорлық технологиялар, енгізілген жүйелер, робототехника және заттар интернеті саласындағы инженерлік құзыреттерін дамыту.
Негізгі міндеттері
01. Arduino негізінде микроконтроллерлік құрылғыларды құрастыру және бағдарламалау тәсілдерін меңгерту.
02. LEGO Education платформасын пайдаланып робототехникалық модельдер мен басқару алгоритмдерін әзірлеу.
03. Сенсорлық деректерді өлшеу, өңдеу және визуализациялау бойынша практикалық жұмыстар ұйымдастыру.
04. Ақылды құрылғылар, автоматтандыру және IoT бағытындағы студенттік жобалар мен зерттеу идеяларын қолдау.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
12
Lenovo ThinkCentre Neo 50a
Моноблоктар · 16 ГБ жедел жады, 475 ГБ сақтау орны
20
LEGO Education жиынтығы
15
Arduino микроконтроллері
Проектор
NEXTGEN FEST - IT Апталығының ХАКАТОН кейстары
NEXTGEN FEST - IT Апталығы
«Тәуелсіз Қазақстанның 35 жылы: ғылым, жасампаздық және болашақ» атты XXXV студенттік ғылыми-теориялық конференция өтеді.
Нақты уақыттағы адам жаттығуларын тану және бағалау үшін позаға негізделген уақыттық модельдеу
СПАРТАКИАДА — 2026
Жаңа тұлға. Жаңа мақсат. Жаңа мүмкіндіктер!
IT бағыты бойынша халықаралық Хакатон
"AI SYNERGY 2025" Компьютерлік инженерия кафедрасының IT апталығы
«Huawei ICT Competition» RoadShow іс-шарасы өткізіледі
“Компьютерлік инженерия” кафедрасының апталығына шақырамыз!
Спорттық бағдарламалау 