shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Кафедрамыздың оқытушы-профессор құрамы XXXIV-ші дәстүрлі спартакиада белсенділік танытты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Медицина факультеті. Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрамыздың оқытушы-профессор құрамы 2026 жылдың 19-29 қаңтар күндер аралығында XXXIV-ші дәстүрлі спартакиада белсенділік танытты. Жарыс барысында спорттың 7-түрінен өзара бақ сынады. Атап айтқанда: кіші футбол, волейбол (ерлер,қыздар), ату спорты, тоғызқұмалақ, шахмат және арқан тартыс түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Соның ішінде жарыс барысында ерекше белсенділік танытқан м.ғ.д., профессоры Молдалиев Ықылас Сүйіндікұлы марапатталды. Осындай белсенділігі мен үлгі боларлық өмір салты үшін оқытушымызға алғыс білдіре отырып, зор денсаулық, мықты жігер және кәсіби жолында мол табыс тілейміз!