shape
shape

Біз туралы

«Ішкі аурулар» кафедрасы – болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлау жүйесі мен кәсіби дағдыларының іргетасын қалайтын жетекші кафедралардың бірі. Кафедра білім алушыларға медицинаның негізгі бағыттары бойынша клиникалық терең әрі сапалы білім беріп, олардың бойында клиникалық дағдыларды және пайымды қалыптастыруға  бағытталған. Оқу үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды, интерактивті оқыту тәсілдерін және диагностика мен емдеудің озық клиникалық хаттамаларын тиімді пайдалана отырып, кафедра студенттердің теориялық дайындығын практикалық дағдылармен тығыз ұштастырады. Басты мақсат – білім алушыларды заманауи медицина талаптарына сай бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман етіп даярлау.

«Ішкі аурулар» кафедрасының меңгерушісі қызметін магистр оқытушы Ибрагимова Сарвинисо Исламовна атқарады. Кафедрада 2026-2027 оқу жылында 3 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 3 магистр аға оқытушы, 1 магистр оқытушы, 5 аға оқытушы, 2 оқытушы қызмет етеді.

«Ішкі аурулар» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы білім алушылардың клиникалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, болашақ дәрігерлік қызметке қажетті кәсіби құзыреттерді және дағдыларды меңгертуге , медициналық ғылыми-зерттеу бағытына қызығушылықтарын арттыруға бағыт бағдар көрсетеді.

Кафедрада білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларына сәйкес клиникалық пәндер бойынша сабақтар өткізіледі. «Ішкі аурулар» кафедрасында 2,3 және 4-курс білім алушыларына ішкі аурулар, кардиология, пульмонология және фтизиатрия, эндокринология, жұқпалы аурулар, балалар аурулары, фармакология, медициналық практикаға кіріспе бойынша практикалық дағдылар және тереңдетілген клиникалық білім беріледі. 

«Ішкі аурулар» кафедрасында 6В10188 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға оқу сабақтары жүргізіледі.