Білімгер
Арнайы клиникалық пәндер кафедрасы 2024–2025 оқу жылында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар бағыттарында жақсы нәтижелер көрсетті. Қазіргі кезеңде кафедрада 2023–2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы кафедраның қауымдастырылған профессоры Нусқабаева Гулназ Оразбекқызының жетекшілігімен сәтті аяқталуда. 2024–2025 оқу жылында Нұсқабаева Г.О. жетекшілігімен 1 докторант сәтті қорғап шықты. Нусқабаева Г.О. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды, ал кафедра меңгерушісі Садыкова К.Ж қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.
Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері Садыкова Карлыгаш Жарылқасынқызының жетекшілігімен 2025–2027 жылдарға арналған жаңа ғылыми гранттық жобаға қол жеткізіп, оны жүзеге асыруды бастады. Жобаның атауы — AP26102763 «Метаболизмдік синдромы бар науқастардың тіс денсаулығына генетикалық маркерлердің, иммундық статустың және минералды алмасудың әсері».
Кафедраның жас қызметкерлері ғылыми жобаны жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Екі ғылыми жоба аясында кафедрада 6 докторант дайындық үстінде. Соңғы үш жылда кафедра қызметкерлері Scopus дерекқорындағы CiteScore көрсеткіші бойынша процентилі кемінде 50 болатын (Q1-Q2) рецензияланатын ғылыми басылымдарда 4 ғылыми мақала жариялады және ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда бірнеше ғылыми мақала жариялады, пайдалы модельге арналған 2 патент алып, 5 оқу құралын шығарды.
Білім беру бағдарламасы
Білімгер
Жұмыспен қамтылған
ОПҚ
Ахмет Ясауи Университеті