Білімгер
Арнайы клиникалық пәндер кафедрасы білім беру, клиникалық даярлық және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын университеттің көпбейінді құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2026–2027 оқу жылында кафедрада 29 профессор-оқытушы қызмет атқарады.
Кафедрада психиатрия, неврология, наркология, аллергология, физиотерапия және реабилитация, дерматология, клиникалық биохимия, амбулаториялық-емханалық терапия, клиникалық фармакология, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек, зерттеулердің қолданбалы әдістері пәндері және «Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі» өндірістік тәжірибесі оқытылады.
Кафедра профессоры Нұсқабаева Гүлназ Оразбекқызының жетекшілігімен жүзеге асырылған 2023–2025 жылдарға арналған гранттық ғылыми жоба сәтті аяқталды. Жоба аясында бір докторант диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. Профессор Нұсқабаева Г.О. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болып, профессор ғылыми атағын алды. Кафедра меңгерушісі Садыкова Қарлығаш Жарылқасынқызына қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
Қазіргі уақытта Садыкова Қ.Ж. жетекшілігімен 2025–2027 жылдарға арналған AP26102763 «Метаболизмдік синдромы бар науқастардың тіс денсаулығына генетикалық маркерлердің, иммундық статустың және минералды алмасудың әсері» атты гранттық жоба жүзеге асырылуда.
2024–2027 жылдар аралығында кафедраның 11 оқытушысы «Медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға қабылданды. Кафедра докторанттары ғылыми жетекшілерімен бірлесіп, Scopus дерекқорында индекстелетін басылымдарды қоса алғанда, отандық және халықаралық журналдарда 20-дан астам ғылыми мақала жариялады. Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері 2 патент алып, 5 оқу құралын жарыққа шығарды.
Кафедра білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және ұлттық әрі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті медицина мамандарын даярлау бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
Білім беру бағдарламасы
Білімгер
Жұмыспен қамтылған
ОПҚ
Ахмет Ясауи Университеті