shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, ғылыми дәрежелер мен атақтарға ие болуда, монографиялар мен оқу-әдістемелік еңбектер жариялауда және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысуда.

2016 жыл

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №245 бұйрығы негізінде М.Б. Жунисоваға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
  • 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен К.Ж. Садыковаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

2021 жыл

  • 2021 жылғы 2 ақпанда Г.О. Нұсқабаеваға доцент ғылыми атағы берілді. Г.О. Нұсқабаева 80-нен астам ғылыми мақала мен конференция тезистерінің, оның ішінде Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін журналдарда жарияланған еңбектердің авторы. Оның жетекшілігімен 6 магистрант даярланды. Ол 2 ғылыми жобада аға ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарды, 5 оқу құралы мен 8-ден астам оқу-әдістемелік құралдың авторы.

2023 жыл

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен Ж.А. Ермахановаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
  • Кафедра меңгерушісі, PhD, аға оқытушы К.Ж. Садыкованың «Научные аспекты диетотерапии при метаболическом синдроме» атты монографиясы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының 2023 жылғы 31 наурыздағы шешімімен (№8 хаттама) баспаға ұсынылып, жарық көрді.
  • Кафедра қызметкерлері «Түркістан облысындағы дәріге төзімді эпилепсиямен ауыратын науқастардың генетикалық профилін зерттеу» атты гранттық жобаға аға ғылыми қызметкерлер ретінде қатысты.

2023–2026 жылдардағы ғылыми жоба

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру бағдарламасы аясында AP19676909 «10 жылдық проспективті зерттеуде метаболикалық синдромы бар науқастардың тамақтану ерекшеліктерін, өмір салтын және комплаенттіліктің генетикалық аспектілерін зерттеу» атты ғылыми жоба жүзеге асырылды.
  • Г.О. Нұсқабаеваның жетекшілігімен орындалған ғылыми жоба бойынша жұмыстар 2026 жылы толық аяқталып, зерттеу нәтижелері қорытындыланды. Жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген үш докторанттың бірі – Айдарбекова Дильбар Нургалиевна. Ол зерттеу нәтижелері негізінде докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

2026 жылғы жаңа жетістіктер

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен, 2026 жылғы 25 маусымдағы №495 бұйрық негізінде Г.О. Нұсқабаеваға 30100 – «Медицина ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
  • Г.О. Нұсқабаеваның ғылыми жетекшілігіндегі докторант Айдарбекова Дильбар Нургалиевна докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен, 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №686 бұйрық негізінде оған 8D10110 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Осылайша, 2026 жыл Г.О. Нұсқабаева үшін екі маңызды ғылыми жетістікпен ерекшеленді: оған профессор ғылыми атағы берілді және оның ғылыми жетекшілігіндегі докторант Д.Н. Айдарбекова диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды. Бұл жетістіктер кафедраның ғылыми әлеуетінің артып, ғылыми жетекшілік пен зерттеушілер даярлау жұмыстарының нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.