Білім беру мақсаттары
Білім беру мақсаттары
6В10188 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша Арнайы клиникалық пәндер кафедрасының негізгі мақсаты – білім алушыларға арнайы клиникалық пәндер саласында терең әрі жан-жақты теориялық білім беру, олардың тәжірибелік және клиникалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Кафедраның білім беру үдерісі денсаулық сақтау жүйесінің заманауи талаптарына, дәлелді медицина қағидаттарына, инновациялық технологияларға, халықаралық тәжірибеге және қолданыстағы клиникалық хаттамаларға негізделген. Оқыту барысында білім алушылар клиникалық жағдайларды талдау, негізделген шешімдер қабылдау, сондай-ақ пациенттерге профилактикалық, диагностикалық, емдік және оңалту көмегін көрсету үшін қажетті білім мен тәжірибелік машықтарды меңгереді.
Кафедра жалпы халыққа, жеке тұлғалар мен отбасыларға сапалы, қауіпсіз және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсете алатын, кәсіби біліктілігі жоғары әрі бәсекеге қабілетті дәрігерлер даярлауға бағытталған. Білім алушылардың медициналық этика мен деонтология қағидаттарын сақтауына, кәсіби жауапкершілігін арттыруына, тиімді қарым-қатынас жасауына және үздіксіз кәсіби даму дағдыларын қалыптастыруына ерекше мән беріледі.
Кафедра жетістіктері
Арнайы клиникалық пәндер кафедрасы білім беру сапасын арттырумен қатар, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми және кәсіби дамуына ерекше көңіл бөледі. Кафедра оқытушыларының докторантура бағдарламаларына түсуі, ғылыми дәрежелерге қол жеткізуі және кәсіби рейтингтерде жоғары нәтижелер көрсетуі осы бағыттағы жүйелі жұмыстың маңызды көрсеткіштері болып табылады.
2024–2025 оқу жылында кафедраның 5 оқытушысы, 2025–2026 оқу жылында 3 оқытушысы және 2026–2027 оқу жылында тағы 3 оқытушысы «Медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға оқуға түсті. Осылайша, үш оқу жылы ішінде кафедраның жалпы саны 11 оқытушысы докторлық білім беру бағдарламаларына қабылданды. Бұл көрсеткіш кафедраның ғылыми әлеуетін нығайтуға және жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға бағытталған жұмысының нәтижелілігін айқындайды.
2026 жылғы қыркүйекте кафедраның аға оқытушысы, магистр Айдарбекова Дильбар Нургалиевна докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесін алды. Бұл жетістік кафедраның ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және академиялық әлеуетін арттыруға қосылған маңызды үлес болып табылады.
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша кафедра университетішілік «Кәсіби рейтинг» (IP) нәтижесінде университеттің барлық факультеттерінің кафедралары арасында үшінші орынды иеленді. Бұл нәтиже кафедра ұжымының білім беру, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және кәсіби қызметінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасындағы жеке кәсіби рейтинг нәтижесі бойынша кафедра оқытушылары Гульназ Нускабаева мен Карлыгаш Садыкова алғашқы ондыққа енді. Сонымен қатар Кумисай Бабаева, Дильбар Айдарбекова және Нигора Ерходжаева үздік жүз оқытушының қатарынан орын алды.
Кафедраның аталған жетістіктері ұжымның білім беру сапасын үздіксіз жетілдіруге, ғылыми әлеуетін нығайтуға және заманауи денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына сай кәсіби мамандар даярлауға бағытталған тұрақты жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Сабақ кестесі
«Жұптасқан жүректер – түлектер!» фестиваліне шақырамыз
8D101-Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша алдын ала іріктеу кезеңіне құжат қабылдау.
Хабарландыру 