shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

Фундаментальды ғылымдар кафедрасы – медициналық білім берудің негізін құрайтын іргелі пәндер бойынша білім алушыларға сапалы білім беруге, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, кәсіби құзыреттілігін дамытуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға бағытталған кафедралардың бірі. Кафедра оқу үдерісінде заманауи педагогикалық технологиялар мен ғылыми-зерттеу әдістерін тиімді пайдалана отырып, болашақ медицина мамандарының теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз етеді.

Кафедра меңгерушісі қызметін  м.ғ.к. Бабаева Күмісай Сабетовна атқарады.

2026–2027 оқу жылында «Фундаментальды ғылымдар» кафедрасында 4 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 1 PhD, 7 аға оқытушы және  3 магистр-оқытушы қызмет етеді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы білім алушылардың фундаментальды медициналық білімдерін қалыптастыруға, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және болашақ кәсіби қызметке қажетті құзыреттерді меңгертуге бағытталған оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады.

Кафедрада білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларына сәйкес фундаментальды және базалық медициналық пәндер бойынша сабақтар өткізіледі. Атап айтқанда, білім алушыларға медициналық биология, генетика, биофизика, анатомия, физиология, гистология, молекулалық биология, биохимия және басқа да іргелі пәндер бойынша білім беріледі.

Кафедрада төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға оқу сабақтары жүргізіледі:

Бакалавриат

  • 6В10188 – «Медицина»;
  • 6В10197 – «Медициналық-профилактикалық іс»;
  • 6В10173 – «Мейіргер ісі».