shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Рухани адамгершілік тәрбие бағыты бойынша «Адамгершілік – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағаты

 Ұйымдастырушылар: ҚБФ-1, ҚБГ-1 тәлімгері У.Смагулова,

                                        ҚББ-1, ҚБИ-1  тәлімгері .Полатбекова

Қатысқандар: «Жалпы пәндер» бөлім басшысы Л.Алимбекова және оқытушылары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар 

Мазмұны: Адамгершілік, ізгілік, адалдық, әділдік, сабырлық сияқты моральдық қасиеттер туралы түсінік беру, адалдық, мейірімділік, ізгі ниет сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру адамгершілік қасиеттердің қоғамдағы, отбасыдағы және достық қатынастардағы рөлін түсіндіру. Басқаларға құрметпен қарау, жауапкершілік сезімін дамыту.

Адамзат баласының бойында кездесетін барлық қасиеттің жиынтығы, рухани күші ол − адамгершілік. Адамға қойылатын  басты талап − асыл да ізгілікті  қасиеттерді бойына сіңіріп, жеке тұлға болып қалыптасу. Осы орайда, бұл талапқа жету үшін құндылықтар басты рөл атқарады. Өйткені, адам баласы өзінің адамгершілігімен, адалдығымен, рухани тәлім-тәрбиесімен  өседі.

Қорытындылай келе, адамгершілік – әрбір адамның өмірлік ұстанымы болуы тиіс асыл қасиет. Ол қоғамды біріктіреді, адамдарды жақындастырады және болашаққа жол ашады. Адамгершілікті ту еткен елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ. Жақсы мен жаманның айырмашылығын түсініп, дұрыс шешім қабылдай білейік. Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, қоғамға пайдалы адам болуға тырысайық.  Сондықтан әрқайсымыз адамдық қасиеттерді сақтап, оны күнделікті іс-әрекетімізде көрсете білуге тиіспіз.