shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» атты пікірталастық ашық тәрбие сағаты

Ұйымдастырушылар: ҚГБ-1 топ тәлімгері, аға оқытушы Г.Шукенова, ҚГФ-1 топ тәлімгері, аға оқытушы Т.Мейрбеков

Қатысқандар: «Жалпы пәндер» бөлім басшысы Л.Алимбекова және бөлім оқытушылары, топ тәлімгерлері, ҚГБ-1, ҚГФ-1 топ тыңдаушылары.

 

Мазмұны: Қазіргі таңда қатты дамып кеткен жайттардың бірі, ол- әлеуметтік желі. Күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін алып кетіп жатады. Бесіктегі балаға да, еңкейген кәрімізге де әлеуметтік желі қызық. Бейне бір өмірдің мәні секілді. Ал біз бұл әлеуметтік желі арқылы қанша уақытымызды зая кетіріп жатырмыз.Тіпті ешбір бала далаға шығып бір- бірімен ойнамайды, үлкендеріміз немерелеріне ертегі айтудан қалды. Ал оқушылар мен студенттер көп кітап оқудың орнына осы әлеуметтік желіде бос уақыттарын өткізеді. Адам әрбір минутын бағалау керек. Өмірді бос әлеуметтік желіге үнілумен өткізбеу керек. Өзіне керекті, пайдалы іспен айналысу керек. Себебі «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені». Сондықтан адам әрбір уақытын тиімді жұмсау керек.

Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдаланады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқа ұсынуға да мүмкіндік бар. Бірақ көп адамдар жаңа нәрсе жасағаннан, ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.  

Таяқтың екі ұшы болатын сияқты, әлеуметтік желінің де пайдасы аз емес. Әлеуметтік желіні дұрыс қолданып жүргендер де бар. Әлеуметтік желі көмегімен біреу өз бизнесін жүргізіп жатса, біреу қайырымдылық жұмыстарын өткізіп жатыр, енді біреуі өзінің оқып, көріп, білген-түйгенін жұртпен бөлісіп жатыр. Бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға көмектеседі. Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Оған қоса әлеуметтік желі арқылы түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады.

Енді әлеуметтік желіге кірер алдында сіз қандай мақсатпен кіріп жатқаныңызды ойланыңыз?! Алтын уақытыңызды бос кетірмей, жақындарыңызға, достарыңызға арнаңыз.