Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

“Нипах”вирусінің алдын -алу іс -шаралары туралы түсіндірме жұмыстары

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университетінің  Кентау кампусы. 
Дайындық орталығы мен Инженерия факультеті студенттерінің арасында “Нипах”вирусінің алдын -алу іс -шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын ауқымды түрде “АИ”дәрігерлік амбулатория медбикелері  өткізді!Іс -шараға дайындық факультетінде оқып жатқан шетел студенттері мен оқытушы мұғәлімдері,дайындық орталығының деканы қатысты. 
    Сондай -ақ іс -шара барысында “АИ”-дәрігерлік амбулатория медбикелері  “Нипах” вирусіні туралы студенттерге мына ақпаратпен бөлісті:
-Санитарлық-эпидемиологиялық  талапты қатаң түрде ұстану.
-Күдік болған жағдайда міндетті түрде ,барлық байланыста болған адамдарды анықтап,жедел оқшаулау қажет!
-Дезинфекциялық  іс шаралар жүргізу қажеттілігін түсіндірді!
-ЖОО -да  студенттерге осы вирустің қәуіптілігін ескертіп,оқу -ағарту ,санитариялық талаптардың күшейтілуін  ақпараттандыру .
Нипах (Nipah virus) -зоонозды инфекциялық вирус қатарына жатады.  Бұл вирус Үндістанда  Батыс Бенгала штатында 2026ж қаңтар айында тіркелді.Бұл вирус адамға жануарлардан яғни оның ішінде жеміс жарқанаттарының сілекейімен ,несебімен жұққан жемістердің ,өсімдіктердің шырынын пайдалану арқылы  беріледі.
Қазақстан аумағында географиялық және климаттық ерекшеліктеріне байланысты ,бұл вирустің қоздырғышы -Pteropus  туысына жататын ұшқыш жарқанаттың болмауына байланысты  бізде тіркелген жоқ!

ҚР ДДҰ вирусқа және оның таралуына қарсы эпидемиологиялық мониторинг жүргізіп,бақылауда ,алдын -алу шараларын жүргізуде. Шекарадағы санитарлық -эпидемиологиялық бақылауды күшейтуде.Қәзіргі таңда вирусқа қарсы вакцина және спецификалық емі табылған жоқ.