Хабарландырулар

shape
shape

Виза бөлімі

  • Халықаралық байланыстар департаменті
Құрылымдық бөлімдер / Құрылымдық бөлімдер / Халықаралық байланыстар департаменті

Виза бөлімі

Course Image Құрылымдық бөлімдер Құрылымдық бөлімдер

Біз туралы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Виза бөлімі оқу ордасының әкімшілік құрылымдық бөлімі болып табылады. Университетіміз Халықаралық болғаннан кейін университетке қызметке, оқуға, іс-сапармен келетін шетелдік азаматтарына визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен шетелдік тұлғалардың төлқұжаттарын еліміздің қолданыстағы Көші-қон Заңының талаптарына сәйкес жергілікті жердегі Көші-қон органдарында тіркеу, оқу визасын, жұмыс визасын ұзарту жұмыстарын атқарады. Осы қызметтерді атқару барысындағы туындайтын мәселелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті және Түркістан облысы Көші-қон полициясы басқармасы арқылы жұмыс атқарылады.

Team
Жетекші маман

Каныбекова Айгерім Арманқызы

Виза бөлімі
aigerim.kanibekova@ayu.edu.kz
Team
Жетекші маман

Мақсат Айнұр Сапарбайқызы

Виза бөлімі
ainur.maksat@ayu.edu.kz
402
Team
Басшы

Ешманов Кайрат Кадырханович

Виза бөлімі
kairat.eshmanov@ayu.edu.kz
Team
Бас маман

Тұрысбекова Жұлдыз Сатыбалдықызы

Виза бөлімі
zhuldiz.turisbekova@ayu.edu.kz
Біздің қызметтеріміз

      Виза бөлімі университетке жаңадан қызметке, оқуға, іс-сапармен келетін шетел азаматтарына визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен шетелдік тұлғалардың төлқұжаттарын еліміздің қолданыстағы Көші-қон Заңының талаптарына сәйкес Түркістан обылысы ІІД Көші-қон қызмет басқармасы  арқылы  (Түркия, ҚХР, Моңғолия, Түрікменстан,  Ауғанстан, Иран) тіркеу, жұмыс, оқу визасын ұзарту және шығу визасын беру жұмыстарын атқарады. Осы қызметтерді атқару барысындағы туындайтын мәселелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Елшіліктер және Түркістан обылысы ІІД Көші-қон қызмет басқармасы арқылы жұмыс атқарылады. Визалық және визасыз қарым-қатынастағы елдерден келетін азаматтардың паспорттары  3 жұмыс күні ішінде  Egov, e-Qonaq  порталы арқылы виза, тіркеу мерзіміне дейін тіркеліп, мекен-жайы  туралы хабарлама беріледі. Визасыз қарым-қатынастағы (Өзбекстан/ Қарақалпақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы) елдерден келген  шетел азаматтары Қазақстан шекарасынан  өткеннен кейін Виза бөліміне  паспорттарын тапсыру қажет, бұл елдің азаматтарын уақытша тіркеу  Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы (ЦОН) арқылы тіркеу жұмыстары іске асырылады. Шетел азаматтары үшін жасалған VIZA базасы бойынша базаны толықтыру, өзгеріс ендіру, виза, паспорт, тіркеу мерзімдерін база бойынша қадағалап отыру, студенттерге уақтылы хабарлау жұмыстары жүргізіледі.

  • Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұру Ережелерімен таныстыру;
  • Жаңа оқу жылына келісім-шарт мерзімі ұзартылған қызметкерлердің (отбасы мүшелері) жұмыс визасын ұзарту;
  • Шетелдік студенттердің мерзімі жеткен оқу визасын ұзарту;
  • Бітіруші түлектер мен оқудан шыққан студенттердің шығу визасын рәсімдеу және жақын шетел азаматтарының тіркеу мерзімдерін қысқарту; 
  • Оқу жылы барысында қалалық және облыстық Көші-қон қызмет басқармасына жартыжылдық және жылдық есеп беру; 
  • Университетіміздің оқу бөлімімен және факультет деканаттарымен шетелдік студенттерге қатысты туындаған мәселелерді шешу мақсатында күнделікті тығыз байланыста жұмыстар атқарылады.