shape
shape

Қажетті Құжаттар

Қажетті құжаттар

2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДЕН СТУДЕНТТЕР ҚАБЫЛДАУ

   2026–2027 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алғысы келетін Түркі тілдес республикалар мен туыстас қауымдастықтардан келген талапкерлер үшін өтініш қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

 2026–2027 оқу жылында университетіміздің Дайындық орталығына Түркі тілдес республикалар мен туыстас қауымдастықтардан студенттер қабылданады. Қабылданған студенттерге толық грант беріледі. Бұл грантқа Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы тарапынан берілетін білім беру шәкіртақысы, сондай-ақ жылына бір рет студенттердің өз елдеріне барып-қайту жол шығындарын төлеу кіреді.

            Университетімізде білім алғысы келетін талапкерлер 16.03.2026 – 26.07.2026 аралығында төмендегі сайт арқылы онлайн түрде өтініш бере алады:

 https://tteadmission.ayu.edu.kz/

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар толық және PDF форматында жүйеге жүктелуі тиіс.

Ескерту: Онлайн өтініш бермеген талапкерлердің құжаттары мен өтініштері қабылданбайды.

Ескерту:
Түркия азаматтары үшін қабылдау, іріктеу және орналастыру рәсімдері тиісті мамандықтарға арналған балл түрлеріне сәйкес ÖSYM (Студент іріктеу және орналастыру орталығы) арқылы жүзеге асырылады.

           1. Грантқа қабылдау кестесі 

Кезең

Күні

Өтініштерді қабылдау

16 наурыз – 26 шілде 2026

Өтініштерді қарастыру

26 – 28 шілде 2026

Емтихан

30 шілде 2026

Нәтижелерді жариялау

3 тамыз 2026

           2. Ақылы қабылдау кестесі 

Кезең

Күні

Өтініштерді қабылдау

04 – 07 тамыз 2026

Өтініштерді қарастыру

08 – 11 тамыз 2026

Нәтижелерді жариялау

12 тамыз 2026

Өтініштер тек онлайн қабылдау жүйесі арқылы қабылданады:

 https://tteadmission.ayu.edu.kz/

Қажетті құжаттар

  1. Паспорт (бар болса) немесе жеке куәлік
  2. Мектептің соңғы сыныбында оқитындар үшін:
    • Оқушы анықтамасы
    • Бағалар ведомосы
  3. Мектеп бітірушілер үшін:
    • Аттестат
    • Бағалар қосымшасы (транскрипт)
  4. Ұсыныс хаты
  5. Қожа Ахмет Ясауи университетін таңдаудың себептерін түсіндіретін ниет хаты

      Бар болған жағдайда:

  1. Сертификаттар
  2. Алғыс хаттар немесе жетістік құжаттары

Талапкерлер барлық құжаттарды толық және PDF форматында жүйеге жүктеуі міндетті.

Толық ақпарат және байланыс

Өтініш беру және студент қабылдау туралы толық ақпаратты төмендегі байланыс арналары арқылы ала аласыз:

 Веб-сайт
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шетелдік студенттер бөлімі
https://ayu.edu.kz/birimler/ru/311-yabanci-ogrenciler/

 E-mail
tteadmission@ayu.edu.kz

 WhatsApp
+7 702 992 90 67

 

Оқу, шәкіртақы және оқу ақысы

Білім алу тегін.

Университетімізде 1 жылдық міндетті дайындық бағдарламасы бар. Бұл дайындық жылы барысында студенттерге қазақ және түрік тілдері оқытылады.

 

Қазақстан Республикасы тарапынан берілетін шәкіртақы

Дайындық курсында:
ай сайын 53 419 теңге

1-курстан бастап:

Медицина, стоматология және педагогикалық мамандықтар:
ай сайын 100 800 теңге

Басқа мамандықтар:
ай сайын 62 846 теңге

Қазақстан тарапынан берілетін шәкіртақыны сақтау үшін студенттің орташа балы 4 балдық жүйе бойынша кемінде 2,33 болуы тиіс.

Түркия Республикасы тарапынан берілетін шәкіртақы

Түркі дүниесінен келген студенттерге оқу мерзімі ішінде, дайындық сыныбын қоса алғанда, жылына 10 ай (қыркүйек–маусым) бойы ай сайын 28 500 теңге шәкіртақы төленеді. Төлем университеттің ректоратының есеп бөлімі арқылы жүргізіледі.

 

Жол ақысы

Студенттердің жылына бір рет өз елдеріне барып-қайту жол шығындары университет тарапынан өтеледі.

 

Университеттегі өмір

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстан Республикасында, Түркістан қаласында орналасқан. Түркістан қаласындағы кампуста ұлдар мен қыздарға арналған жатақханалар бар. Әрқайсысының сыйымдылығы шамамен 650 орын. Жылдық төлем 130 000 теңге. Бөлмелер 4–6 адамға арналған.

Жатақхана аумағында:

• оқу залдары
• кітапхана
• асхана
• теннис алаңы
• футбол және баскетбол алаңдары
• медициналық орталық
• кафетерий

Студенттердің тұру және жеке шығындары өздері тарапынан төленеді.

Дайындық сыныбы Кентау қаласында орналасқан. Кентауда ұлдар мен қыздарға арналған 300 орындық жатақханалар бар. Бөлмелер 2 және 4 адамға арналған. Жылдық төлем 60 000 теңге.
Дайындық сыныбында жатақханада тұру міндетті.

Асхана

400 адамға бір уақытта қызмет көрсететін студенттік асхана заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Студенттер 4 түрлі тағамнан тұратын кешенді ас мәзірін шамамен 1000–1500 теңге төлеу арқылы пайдалана алады.

 

Медициналық қызмет

Университеттің медициналық орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді. Студенттердің алғашқы медициналық тексерістері мен емдеуі осы орталықта жүргізіледі. Қажет болған жағдайда студенттерге дәрі-дәрмектер тегін беріледі. 

 

Түркі дүниесі және туыстас қауымдастықтардан қабылданатын студенттер

  1. Әзірбайжан
  2. Түркіменстан
  3. Қырғызстан
  4. Өзбекстан
  5. Өзбекстан (Қарақалпақстан)
  6. Молдова
  7. Қытай Халық Республикасы (Ұйғыр)
  8. РФ Дағыстан Республикасы
  9. РФ Кабардин-Балқар Республикасы
  10. РФ Қарашай-Черкес Республикасы
  11. РФ Алтай Республикасы
  12. РФ Хакасия Республикасы
  13. РФ Тыва Республикасы
  14. РФ Башқұртстан Республикасы
  15. РФ Чуваш Республикасы
  16. РФ Саха (Якутия) Республикасы
  17. РФ Татарстан Республикасы
  18. Моңғолия
  19. Венгрия
  20. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы
  21. РФ басқа аймақтары
  22. Басқа да елдер