shape
shape

Хабарландырулар

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҒАЛЫМДАР, МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР!

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҒАЛЫМДАР, МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ ЖАС

ЗЕРТТЕУШІЛЕР!

 

2026 жылдың 15-сәуірінде AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бірлескен «Дарынды балалар - интеллектуалды ұлт негізі: Қолдау мен дамытудың заманауи институционалдық экожүйесі»тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Аталған іс-шара барша педагогтарға, білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлерге және дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту бағытындағы заманауи тәсілдер мен тиімді тәжірибелерді талқылау, осы саладағы институционалдық экожүйені жетілдіру жолдарын қарастыру, сондай-ақ педагогтер мен мамандар арасында тәжірибе алмасу арқылы зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған бірлескен іс-қимылды нығайту.

Іс-шара барысында келесі бағыттар бойынша пікір алмасу жоспарлануда:

1. Дарынды балаларды анықтау және іріктеу

  • Дарындылықты анықтаудың заманауи әдістері мен критерийлері 
  • Ерте жастан диагностикалау мәселелері 
  • Ауыл және қала мектептері арасындағы теңсіздік 

2. Институционалды мемлекеттік қолдау тетіктері

  • Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі 
  • Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру 
  • Білім беру ұйымдары деңгейіндегі қолдау жүйесі 

3. Өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер

  • Аймақтардағы ресурстық теңсіздік (кадр, материалдық база) 
  • Ауылдық жерлердегі дарынды балаларға қолжетімді мүмкіндіктер 
  • Өңірлік орталықтардың жұмысын күшейту 

4. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдістемесі

  • Жеке білім беру траекториясын құру 
  • Оқытудың инновациялық әдістері 
  • STEM, олимпиадалық дайындық, ғылыми жобалар 

5. Психологиялық-педагогикалық қолдау

  • Дарынды балалардың эмоционалдық күйі 
  • Мотивацияны сақтау және күйзелістің алдын алу 
  • Ата-анамен және мұғаліммен тиімді байланыс

6. Мұғалімдердің кәсіби дайындығы

  • Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтардың құзыреттілігі 
  • Біліктілікті арттыру курстары 
  • Үздік тәжірибелерді тарату 

7. Цифрландыру және жаңа мүмкіндіктер

  • Онлайн платформалар арқылы дамыту 
  • Қашықтан оқыту мүмкіндіктері 
  • Халықаралық білім беру ресурстарына қолжетімділік 

8. Ынтымақтастық және тәжірибе алмасу

  • ЖОО, мектеп, ғылыми орталықтар арасындағы байланыс 
  • Халықаралық тәжірибелерді енгізу 
  • Мемлекеттік және жекеменшік сектор серіктестігі 

9. Нәтижелер мен мониторинг

  • Дарынды балаларды қолдау бағдарламаларының нәтижелілігін бағалау 
  • Мониторинг және кері байланыс жүйесі 
  • Нақты көрсеткіштер мен индикаторлар әзірлеу.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар мен практикалық шешімдер әзірлейді деп күтілуде. Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, тиісті ұйымдарға жолданатын болады.

Өткізілу күні: 15 сәуір 2026 жыл

Өткізілу уақыты: 10.00

Өткізілу орны: Б.Саттарханов 29, Кітапхана 1-қабат (Коворкинг зона)

Форматы: (офлайн/онлайн)

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/pmexh74y5ksdBmjLA 

Сіздерді аталған дөңгелек үстелге белсенді қатысуға шақырамыз! Дөңгелек үстел бағдарламасы қосымшада ұсынылды.

 

«Дарынды балалар - интеллектуалды ұлт негізі: Қолдау мен дамытудың заманауи институционалдық экожүйесі»тақырыбында дөңгелек үстел

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Уақыты

Бағдарлама

10.00

Алғы сөз

Университет ректоры - Темірбекова Жанар Амангелдіқызы

10.15

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары - Жантөреева Қалыйма 

10.30

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институт – педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жетекші орталықтың директоры – Мусабекова Гульвира Айдархановна 

10.40

Түркістан облысының білім басқармасының басшысы - Орынов Ғалымжан

11.00

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-ның басшысы - Амиртаев Азат Ермекбаевич

11.15

Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары - Токтамысова Ибалы Талгатовна

11.30

Топтық жұмыс сессиясы

12.30

Қорытынды

 

Зум сілтемесі: https://zoom.us/j/97016927227?pwd=K5y1tlM0APOQlrqW9Z48w8SGdjEWFo.1