Студенттеріміз ICPC 2025 Аймақтық чемпионатынан 1 орын алды
International Collegiate Programming Contest (ICPC) – әлемдегі ең ірі және беделді спорттық бағдарламалау чемпионаты. Байқау 1977 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Көп сатылы іріктеуден өткен командалар чемпионаттың финалына – алдымен өз университетінде, кейін аймақтық кезеңдерде өтеді.
The 2025 ICPC Kazakhstan Regional Contest чемпионатына Университетіміздің 6B01521 - Информатика (IP) БББ-ның 1 және 2 курс студенттері Ә.Даулет, Б.Салимхан, А.Әбдіраман, тренері PhD. аға оқытушы Ә.Аманжолова команда құрып қатысуда. ICPC-1/8-ден деңгейінен сәтті өтіп, 15 Қараша күні Вусонг Университетінде аймақтық ICPC-1/4-жарысқа қатысты. Аймақтық чемпионатына Оңтүстік Қазақстанның беделді университеттерінен қатысқан командалар арасында Университетіміздің командасы 1 ші орынды егеленіп Қазақстан бойынша ТОП-50 кірді. Жалпы ширек финалға 38 университеттен 156 команда қатысты. Ендігі кезекте Алматы қаласында өтетін ICPC-1/2 жарысында командамызға сәттілік тілейміз.
Сабақ кестесі 