shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

Жаратылыстану ғылымдары факультетінде 29 білім беру бағдарламасы (бакалавриат - 19, магистратура -8, докторантура -2) бойынша 2133 білім алушы оқиды. Маман дайындаумен факультеттің 4 (Математика, Физика, Биология, Экология және химия) кафедрасының оқытушы-профессорлары айналысады. Білім алушылар үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған 7 интерактивті дәрісханалар, 24 зертхана, электронды кітапхана, оқу залы, спорт кешені, 6 компьютер кабинеттері жұмыс істейді. Факультетте оқу үдерісі жаңа заман талабына сай педагогикалық иновациялық технологияларды қолдана отырып, ұйымдастырылуда. Жаратылыстану факультетінде 6 ғылым докторлары, 25 РhD доктор, 35 ғылым кандидаты жұмыс атқарады, оның ішінде 20 Жоғары  оқу орнының үздік оқытушылары және 6 Халықаралық Болашақ бағдарламасының стипендиясының иегері. Факультет бойынша ғылыми дәрежелі оқытушы-профессорлар 65% құрайды.
2023-2024 оқу жылында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) бағдарламалық аккредиттеу процедурасынан бакалавриат бойынша 8, магистратура бойынша 6, докторантура бойынша 2 білім беру бағдарламалары өтіп, 5 жыл мерзімге сертификатталды.
Факультеттің ғылыми - зерттеу жұмыстары жыл сайын артып келеді. 2024-2025 оқу жылында Scopus және WoS базасында 55 мақала шықты, оның ішінде Q1, Q2 – 26. 2025-2026 оқу жылында 50 мақала шықты, оның ішінде Q1, Q2 – 27. Факультетте қазіргі таңда 10 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізуде: 2 халықаралық, 8 комитет бекіткен ғылыми жоба.
«GREEN GROWTH» клубы жұмыс жасайды. Клуб төрайымы: Әлімқұл Ақбота Сәбитқызы, Клуб жетекшісі: Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы


Факультеттің ерекшелігі

●    Білім беру бағдарламалары бойынша заманауи жабдықталған зертханаларда дәріс алуы;
●    Еліміздің түрлі ғылыми-зерттеу институттарында тәжірибелерін өткізуі;
●    Факультетте білікті оқытушы-профессорлар құрамы үлесінің артуы;
●    Тәжірибиелік дағдыларды нығайту мақсатында теориялық алған білімдерін арнайы практика базаларында жүзеге асыруы;
●    Түркия Республикасы және басқа да шетелдік ЖОО-ның профессорларының факультет студенттеріне дәріс беруі;
●    Академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің шетелдік ЖОО-да білім алуы;
●    Үздік оқыған студенттер Түркия мемлекеті тарапынан бөлінген квота мен грант орындарына ашық конкурс нәтижесінде ие болу мүмкіндігі;
●    Студенттерге қол жетімді ақпараттардың университет және факультет сайттарында болуы;
●    Кітапхана, спорт кешендері, студенттік асхана және жатақханамен қамтамасыз етілуі.

 

Әлеуметтік желілер: