• image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Blog Image

    Самарқандтағы халықаралық орыс тілі олимпиадасы

    «1-ші халықаралық орыс тілі олимпиадасын» Самарқанд экономика және қызмет көрсету институтының өзбек тілі мен әдебиеті кафедрасы Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

     

    Олимпиада барысында қатысушылар тілдік дағдыларын, ауызекі сөйлеу мәдениетін, ақыл-ойын және логикалық талдауларын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталды, ал барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

     

    Олимпиада нәтижелері бойынша факультетіміздің студенттері келесі орындарды иеленді:

     

    ???? 1-орын:

     

    Әнел Шойбекова (2-курс)

    Диара Әбішева (3-курс)

     

    ???? 3-орын:

     

    Нозима Мұхимова (3-курс)

     

    Олардың жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, доцент Айгүл Назирқызы Байтуоваға және кафедра оқытушыларына дайындықтары үшін алғыс айтамыз және қыздарға табыс тілейміз!