Заң факультетінің құндылықтары
Әділдік
Құқық саласының негізі – әділдік. Факультет студенттеріне кез келген жағдайда заңға сүйене отырып, әділ шешім қабылдауды үйретеді.
Адалдық және кәсіби этика
Заңгер мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан академиялық адалдық, шынайылық, кәсіби әдеп – басты құндылықтар.
Құқықтық мәдениет
Қоғамда құқыққа құрметпен қарау, заңдарды түсіну және оны дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастыру.
Азаматтық жауапкершілік
Заңгер – мемлекет пен қоғам арасындағы әділеттілікті қамтамасыз ететін тұлға. Факультет студенттері өз әрекеттерінің әлеуметтік маңызын түсінуге тәрбиеленеді.
Сыни ойлау және талдау қабілеті
Заң нормаларын түсіндіру, дәлелдерді талдау, логикалық шешім қабылдау – болашақ маманның маңызды дағдысы.
Ашықтық және объективтілік
Әрбір іс бойынша ашық, бейтарап және объективті көзқарас қалыптастыру.
Кәсіби шеберлікке ұмтылу
Құқық саласында үздіксіз даму, жаңалықтарды қадағалау, тәжірибені жетілдіру – факультеттің негізгі қағидаларының бірі.
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 