shape
shape

Деканның хабарламасы

Құрметті білім алушылар!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті — құқықтық сауаты жоғары, әділдік принциптерін берік ұстанатын, сыни ойлай алатын, кәсіби шешім қабылдауға қабілетті білікті заңгерлерді дайындауды мақсат етеді. Біздің міндетіміз – құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосатын, заманауи құқықтық процестерді терең меңгерген мамандарды тәрбиелеу.

Факультетімізде ұсынылатын білім беру бағдарламалары ұлттық және халықаралық құқықтың негізгі бағыттарын қамтып, қазіргі заманның құқықтық талаптарына сай әзірленген. Түлектеріміз мемлекеттік қызметте, сот және құқық қорғау органдарында, адвокатура мен нотариатта, сондай-ақ жеке сектордағы заң бөлімдерінде жоғары кәсіби деңгейде қызмет атқара алады. Сонымен қатар олар магистратура мен докторантурада білімін жалғастырып, құқықтық ғылымның дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады.

Заң факультеті академиялық адалдық, ашықтық, заңдылық және жоғары кәсіби этиканы басты қағида етіп ұстанады. Оқытушылар құрамының тәжірибесі мен халықаралық серіктестіктер білім алушыларға теориялық біліммен қатар, практикалық дайындықтан өтуді, нақты құқықтық жағдайларды талдауды және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуды қамтамасыз етеді.

Біз тәрбиелеген заңгерлердің Қазақстанның ғана емес, Түркияның, бүкіл түркі әлемінің және халықаралық қоғамдастықтың құқықтық дамуына үлес қосатынына сенімдіміз. Сіздер осы факультетте алған білік пен білім болашақ кәсіби жолдарыңызда берік негіз боларына кәміл сенеміз.

Құрметпен, PhD., аға оқытушы  Қасымбек Әлия Орынбасарқызы

Заң факультетінің деканы 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті