Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Ашық сабақ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті, Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының PhD, доцент м.а. Иманбекова Маншук Мажитқызының Азаматтық құқық (Жалпы бөлім) пәні бойынша ашық лекция сабағында заңды тұлғалардың азаматтық құқықтағы құқықтық мәртебесі, олардың түрлері мен қызмет ету ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Дәріс барысында тыңдаушыларға теориялық негіздермен қатар практикалық мысалдар ұсынылып, заманауи құқықтық тәжірибеден алынған деректер интербелсенді әдістер арқылы егжей-тегжейлі талданды. Білімгерлердің сұрақтары мен пікірталасқа белсенді қатысуы олардың кәсіби қызығушылығының жоғары екенін көрсетті. Осындай ғылыми-әдістемелік бағыттағы ашық сабақтар болашақ заңгерлердің құқықтық көзқарасын кеңейтіп, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға үлкен мүмкіндік береді. Университет қабырғасында өткізілген бұл дәріс заң саласындағы білім берудің сапасын арттыруға және студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіруге зор үлес қосты. Ашық сабаққа факультеттің оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, оқытушы-профессорлар, докторанттар және білікті заңгерлер қатысты.