Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Академиялық ұтқырлық – тәжірибе мен білім алмасудың көпірі!

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасындағы ынтымақтастық аясында профессор-оқытушылар құрамының өзара тәжірибе алмасуы жалғасуда.

 20–31 қазан 2025 жыл аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша екі жоғары оқу орнының білікті профессор-оқытушылары офлайн форматта дәрістер өткізеді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен:
 Исаева Жанат Амандықовна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнінен дәріс оқиды.
 Мүйденова Алия Қалжановна, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы – «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары», «Қазақстан Республикасының нотариаты», «Адвокатура» пәндері бойынша сабақ жүргізеді.

Бұл өзара іс-қимыл – жоғары білім сапасын арттырып, тәжірибе мен әдістемелік шеберлікті бөлісудің жарқын үлгісі.

Ынтымақтастық – табысты білім мен ғылымның кепілі!

#ҚорқытАтаУниверситеті #АкадемиялықҰтқырлық #Ынтымақтастық #БілімЖолы #ЯсауиУниверситеті #ҒылымЖәнеБілім