shape
shape

Факультет тарихы

Заң факультеті тарихы

Заң факультетінің тарихы 1991 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің құрылуымен тығыз байланысты. Заң факультеті ашылған тұста факультет құрамында «Мемлекеттік-құқықтық пәндер», «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология», «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедралары жұмыс жасады. Бастапқы кезде кафедралардың ОПҚ-да Қазақстандағы заң ғалымдарының дамуына үлкен үлес қосқан атақты заңгер-ғалымдар, яғни ҚР Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Қайыржанов, з.ғ.д., профессор Т.Ағдарбеков, з.ғ.д., профессор К.М.Ильясова, з.ғ.д., профессор Н.Б.Мухитдинов, Түркістан қаласының прокуроры қызметін атқарған білікті маман, доцент М.Сейтқазықызы, Түркістан қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Б.И.Накипов, Түркістан темір жол Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Ә.Б. Бахаутдинов, з.ғ.к., доцент Р.М.Сеитова, з.ғ.к., доцент З.Төлегенова, з.ғ.к., доцент Ж.Өмірзақова, з.ғ.д., профессор Т.А.Ағдарбеков, з.ғ.д., профессор У. Чарыяров, з.ғ.к., доцент Б.Бегалиев, з.ғ.к., профессор Н.М.Батырбаев, з.ғ.к., з.ғ.к., (Phd) қауымдастырылған профессор Қ.Т. Битемиров, қауымдастырылған профессор А.Ерали, ХҚТУ доценті Г.Ә.Баймұратова, з.ғ.к., доцент Ж.С:Адукаримова,  з.ғ.к.,  доцент Р.Ш.Мырзабек, з.ғ.к., доцент К.Шеметаев, з.ғ.к., доцент С.Т.Мұстафаевтар қызмет атқарған. Сонымен қатар, жақын шет елдерден келіп қызмет атқарған профессор М.С. Сейдахметов, У.Чарыяров сынды заңгер-ғалымдар қызмет еткен. 

2014-2015 оқу жылы Заң факультетіне қарасты «Мемлекеттік-құқықтық пәндер», «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология», «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедралары бірігіп, «Құқықтану» кафедрасы құрылды. Өз кезегінде «Құқықтану» кафедрасы 2014-2015 оқу жылынан 2025-2026 оқу жылына дейін «Экономика, басқару және құқық» факультетінің құрамында болды. 

Қазіргі таңда 2025-2026 оқу жылынан бастап, Заң факультеті қайта дербес факультет ретінде ашылды. Факультет деканы, PhD аға оқытушы Қасымбек Әлия Орынбасарқызы. Факультетте аталған оқу жылы «Құқықтану» кафедрасы құрамы екіге бөлініп, «Қылмыстық құқық» және «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедралары ашылды. «Қылмыстық құқық» кафедрасының меңгерушісінің м.а., PhD аға оқытушы Нұрмұхамбет Айгүл Өмірзаққызы, «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының меңгерушісінің м.а., PhD аға оқытушы Иманбекова Мәншүк Мәжитқызы болып табылады.