shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Республика күні: ұлттық мемлекеттілік, тарихи сабақтастық және жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігі»

25 қазан – Республика күніне орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасында студенттерге арналған «Республика күні: ұлттық мемлекеттілік, тарихи сабақтастық және жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақты оқытушы Турузбеков Нуржан ұйымдастырды. Өткізілген орны – Ректорат ғимараты, 222-аудитория.

Сабақтың мақсаты – студенттерге Республика күнінің тарихи және саяси маңызын түсіндіру, Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерін таныстыру, тарихи сабақтастық пен тәуелсіздіктің құндылығын ұғындыру, сондай-ақ жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Ашық сабақ барысында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тарихи маңызы қарастырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы, тәуелсіздікке бастар тарихи кезеңдер, ұлттық құндылықтар мен ел бірлігінің маңызы талқыланды. Сонымен қатар жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, отансүйгіштік, заңға құрмет, сапалы білім алу, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу және елдің дамуына үлес қосу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді және Республика күнінің қазіргі Қазақстан қоғамындағы орны туралы ой бөлісті. Ашық сабақ пікір алмасу және қорытынды сұрақ-жауап түрінде өткізілді.

Іс-шара нәтижесінде студенттердің Республика күнінің тарихи маңызы туралы білімі кеңейіп, ұлттық мемлекеттілікке, тәуелсіздікке және азаматтық жауапкершілікке деген құрметі артты. Ашық сабақ мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті.