Хабарландырулар

shape
shape

Құндылықтарымыз

Факультетіміздің ерекшеліктеріне байланысты негізгі құндылықтар:

• Шығармашылық әлеуетті дамыту: өнер, журналистика және дизайн салаларында кәсіби білім беруде оқытушылардың шығармашылық және педагогикалық рөлін арттыруға бағытталу;

• Кәсіби білім мен дағды: көркемдік, медиа және дизайн бағыттарында терең теориялық білім мен практикалық шеберлікті қалыптастыру; білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттармен ұштастырып, жаһандық білім кеңістігіне интеграциялау;

• Тиімді басқару мәдениеті: факультет ішінде инновациялық менеджментті дамыту және корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау арқылы сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз ету;

• Әлеуметтік жауапкершілік пен мәдени сезімталдық: қоғамның мәдени және рухани дамуына үлес қосатын, қоршаған ортаға құрметпен қарайтын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу;

• Инновациялық білім беру: өнер, медиа және дизайн саласында жаңа әдіс-тәсілдерді қабылдап, шығармашылық үдерістерде тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру.