Құрметті талапкерлер!
Сіздерді екі бауырлас елдің бірлескен бастамасымен құрылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер, медиа және дизайн» факультетіне шақырамыз.
Қожа Ахмет Ясауи университетінің студенті атану – бұл үлкен мақтаныш қана емес, сонымен қатар кәсіби және тұлғалық дамудың маңызды қадамы. Университетіміз түркі әлемінің көптеген елдерінен келген жастарды біріктіріп, өнер, журналистика және ғылым салаларында жоғары білікті мамандар даярлайды.
«Өнер, медиа және дизайн» факультеті студенттерге өнер (актерлік шеберлік, музыка, дәстүрлі ән, эстрадалық ән, сән өнері, дизайн, сурет, журналистика) салаларын білім мен тәжірибемен ұштастыратын заманауи бағдарламаларды ұсынады. Мұнда сіз еліміздің танымал профессорлары мен доценттерінен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері мен мәдениет саласының үздіктерінен тәлім алып, кәсіби тұрғыда өсіп, халықаралық және республикалық деңгейдегі сахналарда өз шеберлігіңізді шыңдауға мүмкіндік аласыз.
Біздің университетті таңдай отырып, сіз сапалы білім алып қана қоймай, шығармашылық қабілетіңізді дамытып, үлкен өмірге сенімді қадам жасайсыз. Бүгінгі еңбек нарығында жаңа әдіс-тәсілдерді қабылдап, оларды іс жүзінде қолдана білетін мамандар ғана табысқа жетеді.
Факультетіміз студенттерге орындаушылық өнер, журналистика, дизайн және бейнелеу өнері бағыттарында заманауи, халықаралық талаптарға сай білім беру бағдарламаларын ұсынады. Біздің түлектер бүгінде еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінде өз білімін жетілдіріп, табысты еңбек етуде.
Факультет деканы ретінде мен біздің студенттер мен түлектердің тек өнерде ғана емес, журналистикада да жетістіктерге жетіп жүргенін зор мақтанышпен атап өтемін.
ҚР Мәдениет саласының үздігі,
қауымдастырылған профессор м.а. Ельжанов Дархан Нуржанович
Сабақ кестесі 