Хабарландырулар

shape
shape

Біз туралы

«Өнер» факультеті 2004 жылы құрылған. Құрылған күннен бастап факультет университеттің өнер саласындағы беделін арттыруға және елімізде осы бағыттағы кәсіби мамандарды даярлауға зор үлес қосып келеді. Факультет өз жұмысында жоғары сапалы білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға баса назар аударады. Мұнда студенттер теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларды терең меңгереді.

2025 жылдан бастап Өнер Медиа және дизайн факультетінің құрылымы:

Құрылымы мен білім беру бағдарламалары

Факультет құрамында үш кафедра жұмыс істейді:

2025-2026 оқу жылынан бастап факультеттің аты Өнер, медиа және дизайн болып қайта құрылды. Факультет деканы ҚР мәдениет саласының үздігі, қауымдастырылған профессор м.а. Ельжанов Дархан Нуржанович. Факультетте 3 кафедра жұмыс атқаруда. Орындаушылық өнер кафедрасының меңгерушісі ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Ұ.Кулетова, Журналистика кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., аға оқытушы Б.Баешова, Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Г.Масадикова.

 

Қазіргі таңда факультетте:

Бакалавриат бойынша – 11 білім беру бағдарламасы;

Музыкалық білім

Көркем еңбек және графикалық жобалау

Дәстүрлі музыка өнері

Актерлік өнер

Музыка драма актеры

Эстрада өнері

Хореография

Дизайн

Сәндік-қолданбалы өнері

Журналистика

Сандық медиа және телерадио журналистика


Жалпы факультетте 574 білім алушы бар.

Оқытушы-профессор құрамы

Факультеттің 57 профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары білікті мамандардан құралған. 

Материалдық-техникалық база

«Өнер Медиа және дизайн» факультеті студенттердің жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беретін заманауи оқу және өнер инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. 4 Ғимаратта аудиториялармен жабдықталған. Факультетте оқу процесі мен тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде өткізуге арналған барлық жағдай жасалған. 

ҚР Халық әртісі, профессор Р.Сейтметов АКТ залы, ҚР Халық әртісі Бекбосын Қажыбек атындағы дәстүрлі ән шеберханасы, ҚР Халық әртісі, профессор Рахима Жубатурова атындағы вокал шеберханасы, Грим шеберханасы, Студия, Радио студия, Теле студия, Фотостудия, Дизайн галереясы

Бұл инфрақұрылым студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, кәсіби шеберлігін жетілдіруге кең мүмкіндік береді.

 «Өнер Медиа және дизайн» факультетінің түлектері - еліміздің мақтанышы

«Өнер Медиа және дизайн» факультетінің түлектері бүгінде Қазақстанның түкпір - түкпірінде және шетелде табысты еңбек етіп, кәсіби салада өз жетістіктерімен танылып жүр. Олар халықаралық және республикалық телеарналарда еліміздің атын асқақтатып, түрлі деңгейдегі іс шараларда, концерттермен киноларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.