Хабарландырулар

shape
shape

Факультет тарихы

Өнер факультетінің тарихы 1995 жылы ҚР Халық әртісі, профессор Р.Сейтметовтың қолдауымен, 0602 – Орындаушылық өнер, 060240 – Актерлік өнер мамандығынының ашылуымен басталды. Кафедра меңгерушісі болып профессор Р.Сейтметов тағайындалып, жан-жақтан білікті мамандарды дәріс беруге шақырды. 2001 жылы «Орындаушылық өнер» кафедрасының құрамына «Музыкалық білім», «Дизайн» мамандықтары қосылды. 
2004 жылы «Вокалдық өнер», «Дәстүрлі өнер», «Хореография» мамандықтары ашылып, арнайы Алматы қаласынан ҚР Халық әртісі, профессор Рахима Жубатурова мен Дәстүрлі музыка өнері мамандығына  ҚР Халық әртісі Қажыбек Бекбосын шақырылды.

2004 жылы Өнер факультетінде 4 кафедра жұмыс атқырды. Актерлық өнер кафедрасы меңгерушісі ҚР Халық әртісі, профессор Р.Сейтметов, Музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі ҚР Халық әртісі Қажыбек Бекбосын, Вокалдық өнер кафедрасының меңгерушісі ҚР Халық әртісі, профессор Рахима Жубатурова, Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Қ.Ералин басқарды, факультет деканы ө.ғ.к. доцент Сейтметов Кәрімбек Марайымұлы басқарды. 

2007-2008 оқу жылы Спорт және өнер факультеті болып өзгерді. Факультетте 4 кафедра жұмыс атқырды. Факультет деканы п.ғ.д. профессор Мұхамеджанов Бақытжан Қалжанұлы басқарды. Актерлық өнер кафедра меңгерушісі болып профессор Р.Сейтметов тағайындалды;
Музыкалық білім және вокал кафедра меңгерушісі болып профессор Қ.Қ.Бекбосын тағайындалды. Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Қ.Ералин тағайындалды, Денешынықтыру және спорт кафедрасына ҚР Спорт қайраткері, доцент А.Абилдаев тағайындалды, Бастапқы әскери дайындық кафедрасына филос.ғ.к., доцент К.Баетов тағайындалды.

2008-2011 оқу жылдан факультетті филос.ғ.к., доцент Баетов Көпжасар басқарды. Актерлық өнер кафедрасын Е.Исатаев басқарды.
Музыкалық білім кафедрасын ҚР Халық әртісі, профессор Қ.Қ.Бекбосын басқарды. Бейнелеу өнері кафедрасын п.ғ.д., профессор Қ.Ералин басқарды, Денешынықтыру және спорт кафедрасын ҚР Спорт қайраткері, доцент А.Абилдаев басқарды, Бастапқы әскери дайындық кафедрасын п.ғ.к., доцент О.Дүйсенов басқарды.

2012-2016 оқу жылдан факультетті п.ғ.к., доцент Б.Абусейтов басқарды. Актерлық өнер кафедрасын Е.Исатаев басқарды.
Музыкалық білім кафедрасын ҚР Халық әртісі, профессор Қ.Қ.Бекбосын басқарды. Бейнелеу өнері кафедрасын п.ғ.д., профессор Қ.Ералин басқарды, Дене мәдениеті кафедрасын п.ғ.к., Е.Маханбет басқарды, Дене тәрбиесі кафедрасын ҚР Спорт қайраткері, доцент Е.Сейдахметов басқарды.

2016-2018 оқу жылдан факультетті п.ғ.к., доцент Е.Маханбет басқарды. Орындаушылық өнер кафедрасын ө.ғ.к., Б.Оспанов басқарды. Бейнелеу өнері кафедрасын п.ғ.к., доцент Е.Ауелбеков басқарды, Дене мәдениеті кафедрасын п.ғ.к., Б.Абусейтов басқарды, Дене тәрбиесі кафедрасын ҚР Спорт қайраткері, доцент Е.Сейдахметов басқарды.

2019-2024 оқу жылдан факультетті п.ғ.к., профессор Б.Абусейтов басқарды. Орындаушылық өнер кафедрасын  ҚР мәдениет қайраткері, аға оқытушы А.Ботақараев басқарды. Бейнелеу өнері кафедрасын PhD, аға оқытушы 2021-2022 Е.Рысымбетов, 2022-2024 аға оұытушы Е.Мамбетаев  басқарды, Дене мәдениеті кафедрасын доцент С.Ақназаров басқарды, 2023-2024 Дене тәрбиесі кафедрасын PhD.аға оқытушы А.Рахымжанов басқарды.

2024-2025 оқу жылдан факультетті PhD, аға оқытушы А.Рахымжанов басқарды. Орындаушылық өнер кафедрасын  ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Д.Ельжанов басқарды. Дене мәдениеті кафедрасын PhD.аға оқытушы А.Алтынбеков басқарды, 2023-2024 Дене тәрбиесі кафедрасын аға оқытушы Б.Ахмедов басқарды.

2025-2026 оқу жылынан бастап факультеттің аты Өнер, медиа және дизайн болып қайта құрылды. Факультет деканы ҚР мәдениет саласының үздігі, қауымдастырылған профессор м.а. Ельжанов Дархан Нуржанович. Факультетте 3 кафедра жұмыс атқаруда. Орындаушылық өнер кафедрасының меңгерушісі ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Ұ.Кулетова, Журналистика кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., аға оқытушы Б.Баешова, Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Г.Масадикова.