Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ІС-САПАР НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Түркия Республикасына жасалған қызметтік іс-сапардан кейін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультетінде профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысты факультет деканы Ермек Сейдахметов жүргізді.

Жиын барысында  Түркияның жетекші жоғары оқу орындары – Гази және Хаджеттепе университеттерінде алған тәжірибелерімен бөлісті. Аталған университеттердегі оқу-ғылыми үдерістің ұйымдастырылуы, білім беру бағдарламаларының құрылымы, спорт саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен заманауи оқыту әдістері туралы кеңірек тоқталды. Сонымен қатар халықаралық рейтингтер, аккредитация талаптары және академиялық ұтқырлықты дамыту бағытындағы тиімді тәжірибелерге назар аударды.

Жиналыс соңында профессор-оқытушылар құрамы ұсынылған бастамаларды қолдап, алдағы жұмыстарға қатысты пікір алмасты.