Біз туралы
.png)
«Спорт және өнер» факультеті 2001 жылы құрылған. Құрылған күннен бастап факультет университеттің спорт пен өнер саласындағы беделін арттыруға және елімізде осы бағыттағы кәсіби мамандарды даярлауға зор үлес қосып келеді. Факультет өз жұмысында жоғары сапалы білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға баса назар аударады. Мұнда студенттер теориялық біліммен қатар, спорттық практикалық дағдыларды терең меңгереді.
Құрылымы мен білім беру бағдарламалары
Факультет құрамында екі кафедра жұмыс істейді:
Дене мәдениеті кафедрасы – меңгерушісі PhD, аға оқытушы Алтынбеков Алпамыс Ибадуллаұлы;
Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасы – меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Ермаханов Бағлан.
Қазіргі таңда факультетте:
Бакалавриат бойынша – 4 білім беру бағдарламасы;
6В01405-Дене шынықтыру және спорт
6В01425-Дене шынықтыру және спорт (IP)
6В01485-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
6В01404-Бастапқы әскери дайындық
Магистратура бойынша – 1 білім беру бағдарламасы бар.
7М01404-Дене шынықтыру және спорт
Жалпы факультетте 734 білім алушы бар.
Оқытушы-профессор құрамы
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары білікті мамандардан құралған. Олардың қатарында:
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессорлар – 4;
PhD, қауымдастырылған профессорлар – 2;
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы – 1;
PhD, аға оқытушылар – 2;
ҚР-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор – 1;
ҚР-ның Құрметті спорт қайраткері, профессор – 1;
ҚР-ның Құрметті спорт қайраткері, доцент – 1;
полковник – 1, подполковник – 2;
аға оқытушылар мен магистр оқытушылар қызмет атқарады.
Материалдық-техникалық база
«Спорт» факультеті студенттердің жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беретін заманауи оқу және спорт инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Факультетте оқу процесі мен тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде өткізуге арналған барлық жағдай жасалған. Студенттердің оқу-жаттығу үдерісіне арналған гимнастика, бокс, баскетбол, волейбол, күрес және таэквондо залдары, сондай-ақ заманауи жабдықталған спорт кешендері мен ашық спорт алаңдары бар. Бұған қоса, факультетте әскери дайындық алаңы, саптық жаттығу аймағы, жаңа үлгідегі тир және арнайы спорттық жаттығу кеңістіктері бар. Барлық спорт нысандары халықаралық талаптарға сай келіп, қауіпсіздік пен тиімділік тұрғысынан жоғары стандарттарға жауап береді. Сонымен қатар, факультет базасында оқу-әдістемелік кабинеттер, тренажер залдары, қалпына келтіру және физиотерапиялық бөлмелер жұмыс істейді. Бұл инфрақұрылым студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, кәсіби шеберлігін жетілдіруге кең мүмкіндік береді.
Факультет білім алушыларының жетістіктері. 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01425-Дене шынықтыру және спорт (IP), 6В01485-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламалары бойынша 2024-2025 оқу жылында 10-нан астам Әлем чемпионатының жеңімпаздарымен жүлдегерлері, 15-тен астам Азия чемпионатының жеңімпаздарымен жүлдегерлері, 70-тен астам ҚР чемпионатының жеңімпаздарымен жүлдегерлері, 35-тен астам Халықаралық жарыстардың жеңімпаздарымен жүлдегерлері. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары білім алушылар арасында 35 күнге созылған XIII жазғы Универсиада ойындарына 800-ден астам медаль мен 104 кубок үлестірілді. Сайысқа 79 жоғары оқу орнының 3000-нан астам білім алушылар қатысты. Қатысушылар 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынады. 187 спортшымыз үздік нәтижеге қол жеткізді. Оның айқын дәлелі – оқу орда құрамасы командалық есеппен көш бастады. Университетіміздің қоржыны 31 алтын, 19 күміс, 27 қоламен толықты. Осылайша, спортшыларымыз жалпы саны - 77 медалға ие болып жеңіс тұғырынан көрінді. 6В01404-Бастапқы әскери дайындық білім беру бағдарламасы бойынша «Республикалық бастапқы әскери дайындық пәні бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің пәндік олимпиадасы» бойынша 2022-2023 оқу жылында 3-орын, 2023-2024 оқу жылында 2-орын, 2024-2025 оқу жылында 3-орынды иемденді.
«Спорт» факультетінің түлектері - еліміздің мақтанышы
«Спорт» факультетінің түлектері бүгінде Қазақстанның түкпір - түкпірінде және шетелде табысты еңбек етіп, кәсіби салада өз жетістіктерімен танылып жүр. Олар халықаралық және республикалық спорт ареналарында еліміздің атын асқақтатып, түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
Факультет студенттерінің спорттық жетістіктері мен кәсіби табыстары – сапалы білім беру жүйесінің, заманауи оқу үдерісінің және білікті профессор - оқытушылар құрамының еңбегінің нақты дәлелі.
«Спорт» факультеті алдағы уақытта да ел спортының дамуына үлес қосатын, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жалғастыра береді.
Сабақ кестесі 