Хабарландырулар

shape
shape

Факультет тарихы

Факультет тарихы

 «Спорт пен өнер» факультеті болып 2001 жылы негізі қаланды. Факультеттің алғашқы деканы  п.ғ.д., профессор  О.К.Жарылқасын болса, одан кейінгі жылдарда п.ғ.д., профессор  Б.К.Мухамеджанов, филос.ғ.к.,профессор К.Д.Баетов, ф.ғ.к.,доцент С.Б.Бейсенбаева, п.ғ.к., профессор Б.З.Абусейтов, РhD аға оқытушы А.О.Рахымжанов басқарды. «Спорт пен өнер» факультеті құрамында 4 кафедра, 13 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындап заманауи талаптарға сай қызмет атқарған. Қалыптасқан алғашқы жылдардан-ақ оқытушы - профессор құрамы деңгейі өте жоғарылығымен ерекшеленіп келді. Атап айтсақ: ҚР Халық әртісі, профессор Р.М.Сейтметов, ҚР Халық әртісі, профессор Р.Т. Жубатурова, ҚР Халық әртісі К.Қ. Бекбосын, театр сыншысы ө.ғ.д, профессор Б.Құндақбаев, п.ғ.к., доцент А.Ш.Кужахметова, ө.ғ.к., доцент К.М.Сейтметов, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, доцент Ә.К.Әбділлаев, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, әлемнің 5 дүркін жеңімпазы Ә.Халилаев және тағы басқа тәжірибелі ғалымдар көптеген шәкірттер дайындады. 2025-2026 оқу жылынан «Спорт және өнер» факультетінен «Спорт» факультеті жеке құрылым болып бөлініп шықты. Бұл шешім спорт саласының дамуы мен қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды тереңдетілген түрде дайындау мақсатында қабылданды. Қазіргі таңда Спорт факультетінде 2 кафедра бакалавриат бойынша 4 білім беру бағдарламасын, магистратура бойынша 1 білім беру бағдарламасын даярлауда. Факультет заманауи талаптарға сай қызмет көрсетіп, жоғары кәсіби деңгейдегі білім беру үрдісін жүзеге асыруда. Факультеттің қалыптасқан алғашқы жылдарынан бастап спорт саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Спорт факультетінің түлектері әлемнің және еліміздің түпкір-түпкірінде өз мамандықтары бойынша нәтижелі қызмет атқаруда. Біздің студенттеріміз оқу барысында-ақ Халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсеткен. Мысалы, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, 2025 жылы Әлем чемпионатының жеңімпаздары Есенгелді Асылжан және Тоғамбай Сағындық  сынды спортшылар факультеттің мақтанышына айналды. Спорт факультеті — тек білім беру ғана емес, сонымен қатар спортты дамытуға, ғылым мен тәжірибені біріктіруге және еліміздің спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған сенімді база болып табылады.