Оқу-әдістемелік комитеті
Факультеттің оқу-әдістемелік комитет (ОӘК) — факультет қызметінің оқу-әдiстемелiк және оқу мәселелерін талқылау, оқу-әдістемелік ұсынымдарды ұйымдастыру болып табылады. ОӘК жоғары және кәсiби бiлiм беру сапасын басқару бағыттары мен механизмдерін, білім беру үдерісін ұйымдастыру мен басқарудың жаңатехнологиясын оқу үдерісіне ендіруге ұсыныс береді. Оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіруге және ПОҚ практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі формаларын ендіру жолдарын қарастырады. Модульдер (немесе элективті пәндер) каталогін бекiту, педагогикалық және ғылыми кадрлардың бiлiктiлiгін көтеру және аттестаттау жүйесін жетiлдiру, оқу үдерісі мазмұнын талдау; үдерісіне әдістемелік даярламала рнәтижелерін ендіру бойынша ұсыныстар дайындайды. ОӘК оқытуды ұйымдастырудың, басқарудың және сапасын бақылаудың тиiмдiлiгін қамтамасыз ететiн оқыту үдерісін интенсивтендіру туралы, оқытудың жаңа технологияларын ендіру бойынша ұсыныстарды талқылап әзірлейді.
