«Түркология» журналы
Халықаралық «Түркология» журналы 2002 жылғы қазан айынан бастап тұрақты түрде екі айда 1 рет басылып шыға бастады. Журнал 2003 жылғы мамыр айынан бастап Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында (ISSN 1727-060) және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттігінде (Куәлік № 55-97-Ж 18.ІІ.2005 ж.) тіркелген. Онда отандық түркологтармен қатар алыс, жақын шетелдердегі түрколог-ғалымдардың ғылыми мақалалары 4 тілде – қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде басылады.
Мақалалар негізінен түркі халықтарының мәдениеті мен діні, тілі мен әдебиеті, фольклоры, тарихы, мәдениеті, өркениеті, этнографиясын бүгінгі заман талабына сай қарастыру, қазіргі түркі халықтарының арғы тарихын, көне түркі тілінің қалыптасып, дамуын, көне түркі этногенезін, түркі тілдес халықтарының шығу тегін, жалпы айтқанда, түркі халықтарын кешенді түрде зерттеуге арналған. Түркия, Ресей, Башқұртстан, Татарстан, Түркменстан, Чувашия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Саха, Өзбекстан, Абакан, Қытай, Кабардино-Балкар, Коми, Новосибирск, Қырғызстан, Моңғолия, Татарстан, Қарақалпақстан, Дағыстандық түрколог-ғалымдар мақалаларын жіберіп отырады.
