Институт архив қорларында сақталған араб, парсы, қазақ және шағатай тілдеріндегі қолжазбалармен жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалардың ғылыми сипаттамалары дайындалып, оларды зерттеу нысанына айналдыру көзделеді. Түркологияға қатысты қолжазбалар мен тарихи материалдарды жинақтау, сақтау, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу бағытында жұмыстар атқарылады. Сонымен бірге көне мәтіндерді оқу, транскрипциялау, аудару және мәтінтанулық талдау жасау мәселелері де қамтылады.
