Журналдың редакциялық және мақалаларды жариялау процестері
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен институт директоры Док.,доц. Халил Четиннің «Журналдың редакциялық және мақалаларды жариялау процестері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинар барысында:
- Ғылыми мақала жариялау кезеңдері;
- Редактор және рецензент қызметі;
- Авторлардың жиі жіберетін қателері;
- Рецензия және ревизия үдерісі;
- Жариялау этикасы;
- Журнал сапасының критерийлері туралы сөз қозғалды. Қорытындылай келе, ғылыми жариялау талаптарын сақтау, авторларға әдістемелік көмек көрсету, жас зерттеушілерге арналған семинарлар жиі өткізу ұсынылды.
Семинар соңында Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Док.,доц. Халил Четин қатысушыларға өз ой ойларын ашық айтып, белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.
