Институт түркі халықтарының тарихи даму кезеңдерін, мемлекет құру дәстүрін, қоғамдық-саяси құрылымдарын және тарихи сабақтастығын зерттеумен айналысады. Түркі өркениетінің қалыптасуы, көне және ортағасырлық түркі мемлекеттерінің тарихы, тарихи деректер мен шежірелер ғылыми айналымға енгізіледі. Сонымен бірге түркі халықтарының дүниетанымы, діні, рухани құндылықтары мен тарихи жадын сақтау мәселелері де зерттеу нысанына айналады.
