shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ құрылымында болған өзгерістерге байланысты Жаратылыстану және медицина институтының "Тілдік пәндер" кафедрасы 2006 жылдың 1 қыркүйегінде қайта ашылды. Кафедра меңгерушісі болып ф.ғ. к. Қ. Жанатаев тағайындалды. Кафедра медицина факультетінің құрамына кірді. 2007-2008 оқу жылында кафедра бөлініп, "Шет тілдері"кафедрасына айналды. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ құрылымында болған өзгерістерге байланысты 2008 жылы  2 қыркүйекте "Шет тілдері" кафедрасы жабылып, оның орнына "Жаратылыстану мамандықтарына арналған ағылшын тілі" кафедрасы құрылды. Кафедра Филология факультетінің құрамына кірді.
2011-2012 оқу жылында кафедра "Шет тілдері"болып өзгертілді.

2014-2015 оқу жылында кафедра құрылымында кейбір өзгерістер болды, оқытылатын тілдер ауқымы кеңейді. Орыс, қытай және араб тілдері қосылды. Содан кейін кафедра "Әлем тілдері" кафедрасы деп аталды. Кафедра 5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті, 5В021000-Шетел филологиясы: қытай тілі мамандықтары бойынша мамандар даярлай бастады, сондай-ақ ағылшын, араб және латын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді.

2016-2017 оқу жылында кафедра "Жалпы академиялық ағылшын тілі" кафедрасына және "Әлем тілдері"кафедрасына бөлінді. 2016-2017 оқу жылынан бастап "Әлем тілдері" кафедрасының меңгерушісі болып ф. ғ. к. С. Бейсембаева тағайындалды. 

Өкілетті кеңестің 73-ші отырысының 2022 жылғы 03 желтоқсандағы шешімімен "Әлем тілдері" кафедрасы "Орыс тілі және әдебиеті" кафедрасы болып өзгертілді. (13.12.2022 ж. № 1/539).

6В01717 - Орыс тілі мен әдебиеті, 6В01764 - Оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, 6B01724 - Оқыту орыс және орыс тілінде жүргізілмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP), 6B02377 - Филология: орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ 7М01738 – Орыс тілі мен әдебиеті магистратура бағдарламасы. Бейіндік пәндер бойынша білім беру бағдарламаларына 1 ғылым докторы, профессор, 5 ғылым кандидаты (оның екеуі ЖАК доценті), 2 білім беру магистрі, 2 оқытушы және 1 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі (дуальды оқыту аясында) қызмет көрсетеді.