Тарих және жалпы ақпарат
.png)
Кафедра 1993 жылы Шығыстану факультетінің құрамында «Түрік тілі мен әдебиеті» атауымен ашылды. Ашылғаннан бері кафедраны М. Акар, Ш.Акташ, М.Уғурлу, Х.Чеби, Г.Караагач, К.Семіз, Х.Четин, т.б. басқарды. Қазіргі таңда Кафедра меңгерушісі – PhD, аға оқытушы Сенбек Утебеков. Сонымен бірге кафедрада әр жылдары Хасан Көксал, Мехмет Киремит, Исмет Четин, Айша Үйджел, Ахмет Өджал, Кадир Өздамарлар, Айша Фериха Север секілді Түркияның атақты ғалымдары қызмет етті. Кафедра университеттің негізгі оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 44%. Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларындағы базалық және кәсіптік пәндер бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірлігінің жалпы саны - 28. Оның ішінде 1 профессор, 1 доцент, 14 PhD докторы, 2 ғылым кандидаты, 5 аға оқытушы және 8 магистр оқытушы бар.
Емтихан кестесі
Тәуелсіз елдің - талантты жастары
Эльмира Адилбекова Семинары
Эльмира Адилбекованың семинары.
