Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Жаңа Конституция: адвокатураның рөлі және құқық қорғау тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

Заң факультетінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция: адвокатураның рөлі және құқық қорғау тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жаңа Конституция аясындағы құқықтық өзгерістерді талқылау, адвокатура институтының қоғамдағы рөлін айқындау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу.

Дөңгелек үстел жұмысына құқық саласының білікті мамандары, адвокаттар мен заңгерлер қатысып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараны Заң факультетінің деканы, PhD, заңгер Қасымбек Әлия Орынбасарқызы модератор ретінде жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында:

Қамбаров Қайрат Уалианұлы – Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы;

Найзабеков Марат Бектемирович – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының мүшесі;

Абдурахманова Индира Абдумауленовна – Түркістан облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы;

Сапаров Жармухамбет Мизамидинович – Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің инспекторы;

Тойкин Орымбек Жанахметович – PhD, заңгер өз баяндамаларын ұсынып, тақырып аясында өзекті мәселелерді ортаға салды.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның құқықтық жүйеге ықпалы, адвокатураның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы, құқықтық көмек көрсетудің тиімділігі және құқық қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастыруға ерекше мән беріліп, болашақ заңгерлер үшін кәсіби орта өкілдерімен пікір алмасуға мүмкіндік жасалды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар құқық үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.