Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

*Заң факультетінде LEGAL NETWORKING кездесуі өтті*

 

Бүгін Заң факультетінде студенттердің кәсіби бағдарлануына арналған *«LEGAL NETWORKING»* атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттер мен құқық қорғау саласының тәжірибелі мамандары арасында кәсіби байланыс орнату және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру.

Жиынның құрметті қонағы – *Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құздеубаев Марат Орманбекұлы.*

Кездесу барысында Марат Орманбекұлы сот жүйесіндегі өзекті мәселелер, қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері және судья әдебі туралы баяндама жасады. Өз кезегінде студенттер қылмыстық жауапкершілік, жаза тағайындау тәртібі және сот тәжірибесіндегі өзекті істер бойынша сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Кездесу соңында факультет ұжымы арнайы қонаққа алғысын білдіріп, алдағы уақытта мұндай танымдық шаралар өз жалғасын табатынын атап өтті.

*Ұйымдастырушы: Заң факультеті*