Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІГІНДЕ

2026 жылғы 16–18 қыркүйек аралығында Шымкент қаласындағы Miras Üniversitesi базасында XXIV Халықаралық Түркі әлемі әлеуметтік ғылымдар конгресі өтті.

Халықаралық ғылыми конгресс түркі әлемі елдерінің ғалымдары мен зерттеушілерін біріктіріп, әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталды. Конгресс бағдарламасында әлеуметтік ғылымдардың түрлі бағыттарымен қатар, цифрландыру, цифрлық құқықтар және заманауи құқықтық реттеу мәселелеріне арналған ғылыми баяндамалар да ұсынылды. (Turk Kongre)

Аталған халықаралық ғылыми іс-шараға Заң факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Ибраев Жандос Ғабитұлы қатысып,

“MODERN ÇOCUK İŞÇİLİĞİ: DİGİTAL ÇAĞDA YENİ SÖMÜRÜ BİÇİMLERİ”

тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Баяндамада цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайындағы балалар еңбегінің заманауи нысандары, цифрлық ортада балалардың еңбек қатынастарына тартылуы және осы үдерісте туындайтын құқықтық мәселелер қарастырылды.

Халықаралық ғылыми алаңда көтерілген аталған тақырып қазіргі цифрлық қоғам жағдайында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек қатынастарын құқықтық реттеу және жаңа сын-қатерлерге құқықтық жауап қалыптастыру мәселелерінің өзектілігін көрсетеді.

Конгресс аясындағы ғылыми пікірталастар мен баяндамалар халықаралық тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және түркі әлемі елдері арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.

???? Конгресс бағдарламасы: http://www.turkkongre.com/program