«15 секунд VS 100 жыл — TikTok пен әдебиеттің майданы»: дебат турнирі өтті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті мен Филология факультетінің студенттері арасында «15 секунд VS 100 жыл — TikTok пен әдебиеттің майданы» тақырыбында дебат турнирі өтті.
Пікірсайыстың негізгі мақсаты – жастар арасында сыни ойлау мәдениетін дамыту, өз көзқарасын дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыру және заманауи цифрлық контент пен әдебиеттің қоғамдағы рөлін талқылау.
Турнир барысында екі факультеттің студенттері әлеуметтік желілердің жастар санасына ықпалы, қысқа форматтағы ақпараттың таралуы және әдебиеттің адам дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы жөнінде өз ұстанымдарын ортаға салды. Қатысушылар өз ойларын нақты дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың пікіріне уәжді жауап беріп, шешендік шеберліктерін көрсетті.
Қызу пікірталас нәтижесінде Заң факультетінің командасы жеңіске жетті!
Бұл турнир студенттердің зияткерлік әлеуетін арттырып қана қоймай, түрлі көзқарастарды саралауға, пікір алмасуға және өз ұстанымын сауатты қорғауға мүмкіндік берді.
Жеңімпаз команданы құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, мазмұнды пікірталасқа үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз!
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан
Заң факультетінде Қылмыстық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Сабақ кестесі
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті 