«Rule of Law концепциясының трансформациясы және оны ұлттық құқықтық кеңістікке бейімдеу мәселелері»
Заң факультеті “Конституциялық құқық және азаматтық құқық” кафедрасының ұйымдастыруымен Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес «Rule of Law концепциясының трансформациясы және оны ұлттық құқықтық кеңістікке бейімдеу мәселелері» тақырыбында заң факультетінің оқытушы-профессор құрамы мен докторанттарға арналған ғылыми семинар ұйымдастырылды. Ғылыми семинарға арнайы қонақ ретінде Қорқыт ата университетінің оқытушы-профес құрамы, атап айтқанда, заң ғылымдарының кандидаты Алтаев Ерлан Амангелдіұлы және криминалист-эксперт Садыков Марат Абдулахатович шақырылды.
Қонақтар өз баяндамаларында құқықтық мемлекеттің іргелі қағидасы саналатын Rule of Law тұжырымдамасының тарихи эволюциясы, оның заманауи мазмұндық қырлары және ұлттық құқықтық жүйелерге ықпалы туралы терең ғылыми пайымдауларын ұсынды. Сонымен қатар, семинар барысында Қазақстан Республикасының құқықтық кеңістігінде бұл концепцияны тиімді бейімдеу жолдары, құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері, цифрлық қоғам жағдайындағы құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті арттыру тетіктері талқыланды.
Шараға қатысқан ОПҚ және докторанттар тақырыпқа қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, тәжірибелік және теориялық тұрғыдан құнды мәліметтер алды. Ғылыми семинар ғалымдар мен жас зерттеушілердің ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, құқық саласындағы заманауи үрдістерді түсінуге және кәсіби дамуына маңызды серпін берді.
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 