Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

⚖️ «ЗАҢ ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ: БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҰСТАНЫМЫ»

 

Заң факультетінде «Заң және адалдық: болашақ заңгердің кәсіби ұстанымы» тақырыбында адалдық сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара Заң факультетінің Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Першеев Алишер Сапарбековичтің ұйымдастыруымен ЗҚТ-312 тобының білім алушыларымен бірге өткізілді.

Кездесу барысында болашақ заңгер мамандығындағы адалдық, әділдік, кәсіби жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарының маңызы талқыланды. Студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, заңгердің кәсіби қызметінде адамгершілік қағидаттарды ұстанудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында адалдық мәдениетін қалыптастыру, кәсіби этика мен жауапкершілік қағидаттарын дәріптеу.