Хабарландырулар

shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми негіз және әлеует бар. 
Кафедраның аға оқытушы, магистр Азиз Сафарович Набиев 07.11.2019-08.08.2020 жылдары Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінде Эндодонтия және реставрация бағыты бойынша біліктілігін арттырып келді.
2024-2025 оқу жылында кафедраға «Академиялық ұтқырлық», «Визитинг профессор» бағдарламалары аясында профессор-оқытушылар 
Ташкент мемлекеттік стоматология институтынан, Андижан мемлекеттік медицина институтынан, Самарканд мемлекеттік медицина институтынан, Бухара мемлекеттік медицина институтынан 32 профессор оқытушылар келіп дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізіп, шебер сағаттарын өткізді. Кафедраның 5 оқытушы Ташкент мемлекеттік стоматология институтына, Самарканд мемлекеттік медицина институттарына барып, тәжірибе алмасып келді.
Кафедра оқытушылары «Метаболизмдік синдромы бар науқастардың тіс денсаулығына генетикалық маркерлердің, иммундық статустың және минералды алмасудың әсері» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының орындаушылары. 2025 жылы кафедра доценті Н.Ж.Жолдасованың импакт факторы Q1, Q2 квартиль журналдарында 2 мақаласы «Countering Pharmaceutical Fraud: Analyzing Pharmacist Competence and Policy Interventions in Falsified Medicines in Shymkent», «Metabolic syndrome in reproductive age: A cross-sectional study» жарық көрді.

Білімгерлеріміздің  жетістіктері

«Стоматология» БББ-ның студенттері Орхун, Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Түркия Республикасының жетекші Гази, Эрджиес, Чукурова, Кахраманмараш Сүтчү Имам, Газиантеп, Эге, Афьон-Карахисар денсаулық білімдері университеттерінде білім алып келді.
Алыс жақын шет елдерде, Қазақстанның түкпір түкпірінде болып жатқан түрлі конференцияларға, білім сайыстарына,мастер кластарға  қатысып, жүлделі орындар, мақтау қағаздарымен марапатталып өз білімдерімен көзге түсіп отырады.
25 қазан 2024 жыл, Ташкент қаласы медициналық ЖОО студенттерінің Халықаралық олимпиадасында Қалыбай Рауан І орын, Ескараева Жанерке ІІІ  орынды иеленді.
04-05 сәуір 2025 жылы Алматы қаласында өткен стоматология «Ұлттық студенттер мен жас стоматологтар конгресі» атты терапиялық стоматология олимпиадасында Қалыбай Рауан ІІ орын, Хасенұлы Айсұлтан ІІІ орын алды.
25-26 сәуір 2025 жыл, Өзбекстан Республикасы, Ургенч қаласында өткізілген медицина ЖОО студенттерінің “Ургенч 2030” атты Халықаралық олимпиадасына келесі студенттер қатысып, жүлделі орын алды: Кулахметов Хусниддин І орын,  Муратов Саидамир ІІ орын.
05-06 мамыр 2025 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған стоматология ЖОО студенттерінің “Mega Master” атты Халықаралық олимпиадасында Хасенұлы Айсұлтан ІІ орын, Әбдірахман Аружан ІІІ орынды иеленді.
1 мамыр 2025 жылы Ташкент қаласында өткізілген стоматология ЖОО студенттерінің “Жас ғалымдар күні” атты Халықаралық олимпиадасында 4 курс студенттері Исраил Диана І орын, Амонжолов Мырзабек І орын, Есенгельді Сағат І орын алды.
21-22 мамыр 2025 жылы Бухара қаласында қткізілген медициналық ЖОО студенттерінің «От учения Абу Али ибн Сины – к третьему возраждению» атты V Халықаралық олимпиадасына 5 курс студенті Калыбай Рауан өатысып жүлделі ІІ орынды иеленді.